Баға қымбаттады

336
көрілім

Өткен айда көкөністің барлық түрінің бағасы қымбаттап, тұрғындардың қалтасын біраз жұқарта түсті.

Наурыз-сәуір айларындағы бағаларды салыстырып көрген облыстық Статистика департаментінің мамандары жарма, балық, қант және бірқатар сүт өнімдерінің қымбаттағанын анықтады. Ал жеміс-жидектер мен көкөністер ішінде қырыққабат - 14,4, жүзім - 5,3, қызылша - 4,6 пайызға қымбаттаған.

Дегенмен бағасы арзандаған өнімдер де жоқ емес. Мысалы қарақұмық жармасы, тауық еті, шикі сүт, қияр, қызанақ, апельсин мен алмұрт арзандады.

Сонымен қатар, кейбір қызмет түрі мен шаруашылық тауарларының бағасы да қымбаттай түсті. Оның ішінде ең көп, яғни 8,2 пайыздық баға өсімін көрсеткен кабельді теледидар болды.

- Өткен жылдың осы айымен салыстырғанда өңірімізде ақшаның құнсыздану үрдістері баяулаған, - дейді ШҚО Статистика департаментінің қызметкерлері.

Ерлен ОСМАНОВ