Балық ауға түс!

297
көрілім

Өскемендегі танымал саябақтың су қоймасына бақтақ жіберілді.

Күзде Сол Жағалауда орналасқан облыстық Сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафты музей-қорығында балық аулауға арналған орындар ашылды.

-Қазан айында бақтақ аулайтын пирстер жұмыс істей бастады, - деді,«АШ-1» ЖШС басшысы Төлеген Арапов. -Қазір жағалауда бірнеше жылы орындықтар орантылған. Әуесқойлар бұл жерде балық аулай алады. Ауланған балықтарды өзімен бірге алып кетуге немесе сол жерде қуырып, қақтап жеуге де болады.

Отыратын орындар тегін, оларды жалға алып керегі жоқ. Бірақ балық аулау үшін ақы төлеуге тура келеді.

- Ақысы ауланған балықтың салмағына байланысты болмақ. Ауланған балықтың бір килосы 2500 тенге,- дейді Төлеген Қайырбекұлы.

Ескерте кететін жайт, балық жағалауда өсірілмейді. Бастапқыда бұл жерге 400 кило арқан балық жіберілген, мұндағы балық қоры мерзімінде толықтырылып отырады.

- Бақтақ шаруашылығы кешенді ұлғайту келісім шарты негізінде қызмет көрсетеді, - деп түсіндірді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафты музей-қорығының директоры Арсен Тен. - Алдағы уақытта балық аулау алаңдарының қызметін жақсартуды және оларды тұрғындарға неғұрлым ыңғайлы етіп жасауды жоспарлап отырмыз.

Сол жағалау кешенінде жыл өлемінде балық аулауға толық мүмкіндіктербар деп болжануда.