Баянауылда автобус жер астына түсіп кетті: Екі адам көз жұмды

381
көрілім
Фото:Kazinform.kz сайтынан

Қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Ақпаратты кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы растады. Опырылып түскен автобус әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

«ТЖД құтқарушылары қаза тапқан екі адамның денесін құмнан тапты. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус табылған жоқ, оны іздеп жатырмыз», деп түсіндірді кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабынан.

Орталық штаб қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, бүкіл қажетті қолдауды көрсетуге уәде берді.

Еске сала кетсек, бүгін түнде Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды.

Салдарынан ішінде 4 жолаушы бар автобус ойыққа құлап кетті.