Баянауылда жердің астына түсіп кеткен автобустағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр

364
көрілім
Фото:Kazinform.kz сайтынан

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекарасы тұрақты емес.

Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологтары тартылды.

Оқиға орнында барлығы 97 адам, 103 қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды. 

Еске сала кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын. 

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды

Кешкісін табылғандардың кім екені белгілі болды.