Бажов көшесіндегі жол апатынан көлік жыраға түсіп кетті

364
көрілім

Өскемен көшелерінің бірінде екі көлік соқтығысып, салдарынан «Subaru» автокөлігі жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол апаты кеше «Самал» ықшам ауданында болған.  «Skoda» көлігін тізгіндеген  жүргізуші айналым жасау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қатарлас бағытта келе жатқан «Subaru» автокөлігімен соқтығысқан, – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
– Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Департамент өкілдерінің айтуы бойынша «Skoda» жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.