Білектілер додасы

273
көрілім

Курчатов қаласында ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер және қыздар арасында гір спортынан облыс Кубогі өтті. ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл сайыста 100-ге жуық спортшы өзара күш сынасты.

Аталмыш жарыс өңірдегі гір спортымен айналысушылардың дайындық деңгейін байқап, мықтыларды анықтау мақсатымен өткізілді. Спортшылар жүлделі орын иелену үшін өздеріне берілген әр түрлі салмақтағы гірлерді барынша дұрыс, әрі көп көтеруге тырысты. Бұл жерде қатысушылар тек жеңіс үшін ғана бәсекеге түсіп қана қоймай, рекордтар да орнатты. Осы жолы Эльнара Ермекқызы 58 келіге дейінгі салмақта 38 ұпай жинап, аймақ рекордын орнатты және 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 62 ұпай жинаған Ақмарал Салтанат та бұған дейінгі нәтижеге өзгеріс енгізді. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ