Биылғы жылы Аягөз ауданында 11 көпір салынбақ

811
көрілім
Шартты фотосурет - mobile.nurotan.kz сайтынан

Бұл жайлы аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Биылғы жылы Аягөз ауданы бойынша 11 көпір салынатын болады. Оның ішінде екеуі автокөліктерге арналған көпір (кіші Аягөз өзеніне) болса, қалғаны жаяу жүргіншілерге арналмақ, - дейді Ділдәбек Оразбаев.

Аудан басшысының айтуынша, жаяу жүргіншілер көпірінің 4-і Мамырсу ауылдық округіне, қалған 5-і кіші Аягөз өзені бойына орнатылады.

– Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер көпірін орнату жұмысы басталып кетті. Сол жұмыстарды әдейілеп бақылап қайттым. Жыл соңына дейін көпірлердің барлығы дайын болады, – дейді Ділдәбек Тәжібайұлы.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ