Бүгін Өскемен мектептерінде сабақты тоқтату туралы шешімді директорлар қабылдайды

373
көрілім

Білім бөлімінен екінші ауысымда оқитын оқушылар сабақтан босатылатыны туралы хабарланды, бірақ біраз уақыттан кейін олар басқаша ақпарат берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бүгін сағат 11.27-де білім бөлімі қала мектептерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 1-11 сынып аралығында сабақтар тоқтатылатыны туралы хабарлады. Бірақ сағат 11.42-де олар «ауа райының өзгеруіне және мектептің орналасуына байланысты сабақты тоқтату немесе тоқтатпау туралы шешімді мектеп басшылары өздері қабылдайды», - деген хабарлама жасады.