Бұқтырмаға барып бойжазып қайтыңыз

963
көрілім

Жазғы демалысыңызды қайда өткізетініңізді шешіп қойған боларсыз? Өскемендік тұрғындардың аңсары әркез Бұқтырма жағалауына ауып тұратыны белгілі. Аталмыш су қоймасының маңында көптеген демалыс орындары бар әрі олардың бағалары да әралуан. Осы ретте Бұқара.кз сайтының тілшісі Бұқтырмадағы демалыс орындарында қандай таңдаулар бар екенін сұрастырып көрген еді.

Бұқтырма – еліміздегі ірі су қоймаларының бірі болып саналады. Көз жетпес көлеміне қарап, көпшілік оны теңіз деп те атайды. Негізі, өндірістік мақсаттағы су қоймаларын көрсе көз тояды деп айту қиын. Ал біздің Бұқтырма – бұл пікірді жоққа шығаратын ғажайып жерлердің бірі. Шалқыған шығанағы, құмға бай жағалауы, жақпар-жақпар жартастар мен күнге қарап бой түзеген қарағайлары қазақстандық қана емес, ресейлік тынығушылардың да назарын аудармай қоймайды.

Бұқтырмаға қалай жетуге болады?

Бірнеше нұсқа бар.

Біріншісі – жеке көлігіңізбен жетуге болады. Өздеріңізге мәлім, біршама демалыс орындары Өскеменнен 100 шақырым қашықтықта орналасқан. Егер көлігіңіз болмаса, онда такси жалдап, автобуспен, керек десеңіз кей жерлерге пойызбен де баруға болады.

 

Автобус

Өскемен – «Көгілдір бұғаз» – «Айна» бағыты

Мекен-жайы: Автовокзал, Абай даңғылы, 8, байланыс тел: 70-02-25.

Жолға жүру уақыты: күн сайын 8:30 бен 14:00 аралығы.

Билет құны: «Көгілдір бұғазға» дейін1300, ал «Айнаға» дейін – 1400 теңге.

 

Өскемен – «Айна» демалыс базасының бағыты

Автовокзал, Мызы көшесі, 1, байланыс телефоны – 25-93-94.

Жол жүру уақыты: күн сайын сағат 7:30-дан бастап.

Билет құны – 1500 теңге.

 

Пойыз

«Защита – Зырян» бағыты

Белгілі бір уақыттарда ғана жүреді (маусым айының 15, 16, 19, 22, 23, 26, 29 және 30-ы күндері), ақпаратты 105 нөміріне хабарласып нақтылап алған жөн.

Жол жүру уақыты: Защитадан сағат 7.05-те, «Өскемен вокзалынан» сағат 7.34-те

Билет құны – Жаңа Бұқтырма станциясына дейін – 143 теңге.

Такси

Өскеменнен Жаңа Бұқтырма ауылына бару бағасы шамамен – 9000 теңге. Нақты бағасын аялдамадан түсер кезде жүргізуші өзі айтады (сіздің Өскеменнің қай тұсынан бастап отырғаныңыз және демалыс орнының қай жеріне барғандығыңызға байланысты).

Бұқтырма – 2019: бағасы, табиғи сипаты және байланыс

Жыл сайын Бұқтырма су қоймасына келушілер саны артып келеді. Осындай маусым кезінде тез арада таңдау жасау қиын. Қолайлы болу үшін барлық демалыс базаларын шартты аумақтарға бөлуді ұсынамыз: «Көгілдір бұғаз» демалыс базасы аймағын, Жаңа Бұқтырма кенті, Мохнатка тауы, «Борок УМЗ» мен «Волна», сондай-ақ «Аюда» демалыс базалары орналасқан аумақтар.

Әрбір демалыс базасы туралы белгілі бір критерилерге сүйеніп айтпақпыз: атауы, орналасқан жері, тұрақтау мүмкіндігі, қандай да бір инфрақұрылымға ие болуы, көңіл көтеру, сондай-ақ байланыс мүмкіндіктері.

 

«Көгілдір бұғаз» демалыс базасының аумағы

 

«Көгілдір бұғаз» демалыс үйі

Орналасқан жері: Алтай ауданы, Өскеменнен 110 шақырым қашықтықта орналасқан

Тұрақтау мүмкіндігі: жайлылық деңгейіне қарай бөлмелердің бірнеше түрі бар, ішінде бар жағдайы жасалған төрт адамдық үйлер, сонымен қатар бес-жеті адамға арналған ағаш үйлер де табылады.

Бағасы: үш уақыт тамақтану мүмкіндігі, бөлмеде қолжуғыш, әжетханасы қарастырылған нөмір – тәулігіне бір адамға 8300 теңгеден басталады; ішінде теледидар, тоңазытқыш, душ және ыстық суы бар бөлме бір адамға тәулігіне 9800 теңге болса, ішінде бар жағдайы қарастырылған және үш уақыт тамақ ішу мүмкіндігі бар бөлменің құны да адам басына тәулігіне – 9800 теңгеден басталады.

Инфрақұрылымы: аквапарк, монша, балаларға арналған би алаңы, үстел теннисі және кітапханасы бар.

Байланыс тел: 26-51-11, 52-51-55, 8-771-355-27-36.

 

«Аквамарин» қонақүй кешені

Орналасқан жері: «Көгілдір бұғаз» аумағында, жағалаудан 100 шақырым жерде

Тұрақтау мүмкіндігі: әртүрлі санаттағы жабдықталған 15 бөлме, люкс, 2 бөлмелі люкс, VIP.

Бағасы: стандарт бөлмесі (төрт адамдық, бір бөлмелі) маусым айында тәулігіне – 11000 теңге, шілде мен тамызда – 13500 теңге болады. Спутниктік теледидар, душ (ыстық, суық су) және әжетханасы бар.

Инфрақұрылымы: скутер, теплоход, яхта, катамаран, квадроциклмен қыдыру, сондай-ақ !Көгілдір бұғаз» маңында серуендеуге болады. Батут және құмы бар балалар алаңқайы да қарастырылған. Аумағында кәуап әзірлеуге лайықталған арнаулы орындар да бар.

Байланыс тел: 51-66-76, 8-777-229-61-05, 8-708-229-61-05.

 

«Пикник» демалыс орны

Орналасқан жері: шығанақ жағалауы, «Сказка» демалыс базасының маңыңда.

Тұрақтау мүмкіндігі: үш, төрт, бес және алты адамдық шитілі және ағаш үйлер, сондай-ақ коттедждер бар.

Бағасы: төрт орынға шақталған шитілі үй тәулігіне – 4000, ал бөренеден жасалған алты адамдық үй – тәулігіне 15000 теңгеге шығады.

Инфрақұрылымы: аталмыш базадан 100 метр жерде құмы бар жағажай; аумағында душ пен әжетхана; катамаран мен қайықтарды жалға алуға болады(тұрақтау мүмкіндігіне кіреді) және балалалар алаңы салынған.

Байланыс тел: 26-14-16, 8-777-202-40-63.

 

«Сказка» демалыс базасы

Орналасқан жері: «Көгілдір бұғаз» демалыс үйінен 500 метр жерде.

Тұрақтау мүмкіндігі: бес адамға арналған екі қабатты ағаш үйлер, Бөлмеде жерсеріктік телеарналар, микротолқынды пеш, ыстық және суық суы бар. Аумағына душ пен әжетхана қойылған.

Бағасы: үйлер тәулігіне 6000-нан 12000 теңге аралығында.

Инфрақұрылымы: дүкен, монша, кішентай балаларға арналған ойын алаңқайы бар.

Байланыс тел: 25-01-47, 8-777-907-20-00, 8-777-790-60-50.

 

«Светлячок» демалыс орны

Орналасқан жері: «Сказка» демалыс базасы мен «Көгілдір бұғаз» демалыс орнының маңындағы жағалау бойында.

Тұрақтау мүмкіндігі: екі, бес, алты, сегіз, он және он екі адамға арналған үйлер бар. Бөлмелерге ыстық және суық су, ал үлкен үйлерде әжетхана орнатылған. Одан бөлек, қонақүйде де орналасуға болады.

Бағасы: екі адамдық орын тәулігіне – 8000 теңгеден болса, үш-төрт адамға арналған қонақүй нөмірлері адам басына тәулігіне – 4000-5000 теңгеден.

Инфрақұрылымы: меншікті жағажайы (суға жеткенше үш метрдей жүресіз), кәуап пысыру орны, теплоходпен серуендеу жағы қарастырылған.

Байланыс тел: 8-777-543-11-58, 8-705-528-00-02.

 

Жаңа Бұқтырма кентінің аймағы

«Алтайская бухта» демалыс базасы

Орналасқан жері: Өскеменнен 112 шақырым жерде, Алтайская бухта теміржол станциясына таяу (демалыс орнынан станцияға дейін 50 шақырым) орналасқандықтан тек жеңіл көлікпен ғана емес, Защита – Алтай бағытындағы пойызбен жетуге де мүмкіндік бар.

Тұрақтау мүмкіндігі: әр қабатта бар жағдайы жасалған бөлмелер, сонымен қатар үш және бес адамдық нөмірлерді жалға алу.

Бағасы: бір адамға тәулігіне – 5500 теңгеден (тамақтану да кіреді)

Инфрақұрылымы: құмды жағажай, балаларға арналған спорт алаңы, монша, қармақ, катамаран, үрлемелі матрас сынды заттарды жалға алу мүмкіндігі қарастырылған.

Байланыс тел: Өскемендегі саяхат және экскурсия бюросы, телефон – 26-57-00.

 

«Зазеркалье» демалыс орны

Орналасқан жері: Бұқтырма су қоймасының бірінші жағалауы бойында, Жаңа Бұқтырмадан небәрі бір шақырым жерде.

Тұрақтау мүмкіндігі: төрт-бес адамдық бөлмелер, үш бөлмелі нөмір, сондай-ақ бар жағдайы жасалған жайлы үйлер.

Бағасы: нөмірлер тәулігіне – 13000-нан 20000 теңгеге дейін.

Инфрақұрылымы: балалар алаңы, монша және су аттракционы қойылған.

Байланыс тел: 8-705-764-00-12, 8-701-712-58-97, www.zazerkale.kz.

 

«Мыс Доброй Надежды» демалыс базасы

Орналасқан жері: С.Ковалев атындағы балалар алаңының жанында, Жаңа Бұқтырма кентінен үш шақырым жерде.

Тұрақтау мүмкіндігі: ішінде әжетханасы бар төрт, алты, сегіз орындық үйлер, сондай-ақ маңайына жазғы душ қойылған.

Бағасы: үйлердің бағасы тәулігіне – 14000 теңге және одан жоғары.

Инфрақұрылымы: әр үйде кәуап дайындайтын орын мен шағын балалар алаңы бар.

Байланыс тел: 8-777-543-11-58.

 

«Акватория» демалыс орны

Орналасқан жері: Жаңа Бұқтырма кентінен үш шақырым жерде.

Тұрақтау мүмкіндігі: екі, үш, төрт және алты адамға арналған үйлер. Әрқайсысында суық, бірнешеуінде – бойлер (ыстық су) қойылған және аумағында душ кабиналары бар.

Инфрақұрылымы: балалар алаңы және кәуап дайындайтын орын.

Байланыс тел: 8-777-543-11-58.

 

«Бригантина» демалыс базасы

Орналасқан жері: Жаңа Бұқтырма кентіне жақын жерде.

Тұрақтау мүмкіндігі: бірнеше нөмірге арналған үш қабаттық коттедж (үш, төрт және сегіз адамдық орын), аумағында бар жағдай қамтылған және үш, төрт, бес және алты орындық үйлер жеке орналасқан.

Бағасы: бір бөлме – адам басына тәулігіне – 1500-2000, төрт адамға арналған үйлер тәулігіне – 5000-7000 теңгеден (аумағында бар жағдайы жасалған).

Инфрқұрылымы: балалар және волейбол алаңы, теннис үстелі келушілер игілігіне ұсынылады. Жағажайға 150-200 метр жүріп жетуге болады.

Байланыс тел: 8-777-543-11-58.

 

«Семейка» демалыс орны

Орналасқан жері: Жаңа Бұқтырма кентінен бері қарай орналасқан базалардың бірі.

Тұрақтау мүмкіндігі: ыстық, суық суы бар бес адамға шақталған үйлер, аумағында душ бар.

Бағасы: әжетханасы бар үй бағасы тәулігіне – 12000, ал әжетханасы жоғы – тәулігіне 10000 теңгеден. Жағажайға дейін – 350 метр.

Инфрақұрылымы: монша мен балалар алаңы бар.

Байланыс тел: 8-777-543-11-58.

 

«Еламановка» демалыс орны

Орналасуы: «Семейка» демалыс базасынан алыс емес жерде.

Тұрақтау орны: ішінде бар жағдайы жасалған бес адамдық үй.

Бағасы: тәулігіне шамамен 15000-16000 теңгеден.

Инфрақұрылымы: кафе, монша, шағын балалар алаңы бар.

Байланыс тел: 8-777-543-11-58.

 

Нұрбек АСҚАРОВ