Даниал Ахметов Семейдегі Абай арена кешенінің құрылысымен танысты

586
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі Абай арена кешенінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын аралап көрді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қарағайлы шағын ауданында Абай арена деп аталған мәдени-спорттық кешеннің құрылысы 2017 жылы басталған. 5 мың адамға арналып салынған спорттық нысан үш блоктан тұрады. Кешен құрылысына мердігер сегіз компанияның 200-ден астам жұмысшысы тартылған.

Спорт нысанының алдында ерекше субұрқақтың құрылысы қызу жүріп жатыр. Биылғы жылдың қыркүйек айының ортасында жаңа субұрқақ пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Таунар ҚАЙРАТ