Әлем чемпионатында бақ сынайтын ШҚО палуанының алғашқы айналымдағы қарсыласы анықталды

811
көрілім

Шығысқазақстандық палуан Венгрия астанасы Будапеште өтетін Әлем чемпионатында 45 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олимпиадалық резерв даярлау орталығы өкілдерінің айтуынша, Будапешт қаласында жалауы желбірейтін жаһандық жарыста жасөспірімдер құрамасы сапында жерлесіміз Оралбек Алан бозкілмге беттейді. Нақты айтсақ, шілде айының 19-25 аралығында өтетін аламанда еркін күрес палуаны 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түспек.

Күні кеше жеребе тартылып, жерлесіміздің алғашқы қарсыласы анықталды. Алан іріктеу бәсекесінде өзбекстандық Узлам Искандаровпен белдеседі.