Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 7,8 мыңнан асты

590
көрілім
Шартты фотосурет

Қазақстанда тағы 74 адам коронавирус инфекциясынан айықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, Шымкент қаласында - 4, Атырау облысында - 14, Қарағанды облысында - 43, Маңғыстау облысында - 11, Түркістан облысында - 2, жалпы 74 адам індеттен емделіп шықты. Бүгінгі дейін Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны - 13 074-ке жетті, оның ішінде жазылды - 7811, қайтыс болды - 58 адам.