Ерлан Серікжановтың алғашқы қарсыласы анықталды

464
көрілім
Фотосурет time.kz сайтынан

Халықаралық дзюдо федерациясы Masters турнирінің алғашқы жарыс күні бойынша жеребе тарту рәсімін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әу баста үржарлық дзюдошының мүмкін болатын қарсыластарының бірі италиялық Мануэль Ломбардо деген едік. Соқыр жеребе қос спортшыны екі топқа түсірген екен. Алайда әр топтың қашан да тосынсый жасауға әзір тұратын саңлақтары жетерлік. Оңтүстіккореялық Ан Баул, моңғол мықтысы Херлен Гандболд, Грузияның сенімін арқалаған Важа Маргвелашвили, молдовалық Денис Виеру және басқалары. Шығысқазақстандық дзюдошы алғашқы айналымда ресейлік Абдула Абдулжалиловпен шеберлік байқаспақ. Белдесу сәтімен болып, жеңіске жетіп жатса, келесі айналымда украиналық Георгий Зантарая мен оңтүстіккореялық Ким Лим Хван текетіресінің жеңімпазымен жолықпақ.

Әділхан ЕСІМХАНОВ