Глубокое ауданында нашақор-ұры қолға түсті

307
көрілім
Шартты фотосурет

Желтоқсан айының 6-сы күні Глубокое аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне облыс орталығының тұрғыны жүгініп, телефон ұрланғандығына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілердің мәліметіне сүйенсек, 49 жастағы тұрғын желтоқсан айының 4-і күні белгісіз біреулер дүкен сөресінде тұрған қымбат смартфоны ұрланғанын хабарлаған. Осылайша жәбірленушіге 145 000 теңге көлемінде шығын келтірілді.

- Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары осы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Опытное поле ауылының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Желтоқсан айының 7-сі күні дәл осы адам есірткіні заңсыз сақтағаны үшін қолға түсті, - делінген мәліметте.

Департамент өкілдерінің айтуынша, ер адамның пәтерін тінту кезінде ас үй бөлмесінде құрамында қоңыр-жасыл түсті, ерекше иісі бар полиэтилен пакет табылғаны анықталды.

Сараптама қорытындысы алынған зат салмағы 3,48 гр кептірілген марихуана екенін көрсетті.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық» және 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.