Глубокое ауданында шаруа қожалығының жұмысшысы жаңа туған бұзауды сатып жібермек болған

481
көрілім
Шартты фотосурет

Глубокое аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне зейнеткер жүгініп, бұзауы ұрланғандығына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 71 жастағы зейнеткер тамыз айының 27-28-і аралығында белгісіз біреу еркін жайылымнан жаңа туған бұзауды ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Шығын 50 000 теңгені құрады.

- Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық оқиғаға қатысушылардан жауап алып, күдіктіні анықтады. Ол 33 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің 71 жастағы ер адамның шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істегені анықталды. Белгілі болғандай, 33 жастағы қызметкерге шұғыл түрде ақша керек болғандықтан малдың иесі сиырдың жақында төлдейтінін есепке алмаған. Күдікті жаңа туған бұзауды сатып қажеттілігін өтемек болған, алайда ол жоспары іске аспай қалған көрінеді, - делінген мәліметте.

Жауап алу кезінде шаруа жануарды иелеріне қайтарып, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы (Ұрлық) 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.