ХҚКО мамандары шетелдік көліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылдау аяқталғанын ескертеді

995
көрілім
Фотосурет Baq.kz сайтынан

Ресми мәліметке сүйенсек, 2023 жылдың 1 шілдесінде елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған байланысты, азаматтарға қызмет алу қолайлы болу үшін автокөлікті заңдастыруға болатын еліміздің МХҚО-лары күшейтілген жұмыс режиміне ауысады. Олар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00–ден 19:00–ге дейін (құжаттарды беру - 20:30-ға дейін), сенбі күні - 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды.

- Бұл жұмыс кестесі автокөліктерді заңдастыруға ғана қатысты. Жүргізуші куәлігі әдеттегі кесте бойынша беріледі, - дейді ХҚКО мамандары.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтінімдер талаптарға сәйкес қаралатын болады.