Ғылымдағы жаңалық

312
көрілім

Өңір ғалымдары картоптың жаңа өнімді сұрыптарын шығарды.

Бұл туралы «Картоптың жаңа сұрыптарын шығару, ТМД елдері генофондынан және шетелдік селекциядан Шығыс Қазақстан өңірінің бірегей әрі элиталық тұқым шаруашылығы үшін бейімделген сорттарды іріктеу» семинарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Галина Кузьмина мәлімдеді.

– Зерттеу нәтижесінде ең өнімді сұрыптар ретінде Удача (Ресей, А. Лорх атындағы институт), Розара (Германия, «КВС» фирмасы), Ред Скарлет (Голландия, «HZPC» фирмасы), Санте (Голландия, «Агрико» фирмасы), Роко (Голландия, «Агрико» фирмасы) және ШҚМУ шығарған Магистр, Изольда, Восточный, Таврия, Шакирд сұрыптары танылды, – деді ол, – Бұл картоптың бес сұрпы келешегі зор топқа еніп отыр.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ