Қаланы көркейту үшін…

411
көрілім
Виктор Абакумов

Өскемен қаласын көркейту үшін көгалдандыру, көшелерді абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Алайда әлі күнге дейін кей жерлерде ұсқынсыз жарнама билбордтары алынбай тұр. Бұл жайлы ШҚО әкімдігінде өткен мәслихат сессиясында айтылды.

Облыс орталығы әкімінің міндетін атқарушы Ольга Булавкинаның айтуынша, қаланы абаттандыру үшін биыл құны 2 млрд теңгені құрайтын 30 жоба іске асуда. Қылмысты азайту мақсатында қолға алынған «қауіпсіз аула» жобасына 2018 жылы 64 көпқабатты тұрғын үй енген.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қаланы көркейту және көлік қозғалысын ыңғайландыру үшін жарнама билбордтарын алып тастауды тапсырған болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік даңғылы осындай билбордтардан тазарып қалғанымен Әуезов, Жеңіс даңғылдары, Қазақстан көшесі мен басқа да негізгі көшелердегі бұл жұмыс сылбыр жүргізілуде.

– Барлық талапқа сай әдемі жасалған жарнама болса әрине6 тұра берсін. Бірақ ұсқынсыз билбордтар міндетті түрде алынып тасталуы керек, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ