Қалпына келтіріледі

272
көрілім

18-мамырға дейін тасқын судан зардап шеккен Зырян ауданындағы үйлер қалпына келтірілмек. Бұл туралы Зырян ауданына іс-сапармен барған Даниал Ахметов мәлімдеді.

Айта кету керек, қарғын су аудан бойынша 414 үй ауласына жайылды. Осы уақытқа комиссия шешімі бойынша 43 баспана тұруға жарамсыз деп танылған.

– 250 тұрғын үйде қалпына келтіру жұмыстары ретімен жүргізілетін болады. Қазіргі таңда 155 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Бастапқы жұмыстарға облыстық бюджеттен 150 миллион теңге қаржы аудардық, – дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Ал жөндеу жүргізілетін тұрғын үйлердегі қалпына келтіру жұмыстарын бір айдың ішінде аяқтау тапсырылды.

– Тұрғындар күте алмайды. Қазақстанның қазіргі мүмкіндігін сонау 1993 жылмен салыстыруға келмейді. Қаржы бар, мүмкіндік жетерлік, сондықтан тез арада және сапалы түрде істі бітіруді сұраймыз, - деді мердігерлермен кездесуде аймақ басшысы.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ