Кандидаттың сенімді өкілі жастармен кездесті

399
көрілім

«AMANAT» партиясының атынан облыстық мәслихатқа кандидат Тимур Виситаевтың сенімді өкілі Татьяна Лиана Глубокое кентінде жастармен кездесті.
Кездесуде жастарға ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды. Мәселен, партия жыл сайын кем дегенде 1700 жасқа кәсіпкерлік негіздерін оқытып, жас кәсіпкерлерге 2,5% жеңілдікпен 1090 микрокредит беруді (жыл сайын 218 микрокредит) қарастырады.
– Оған қоса партия «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттер беруді бақылауға алады. Жыл сайын 2200 адамнан «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Жасыл Ел» жобаларына жұмысқа орналасуды шешеді. Бұл шаралар жастар жұмыссыздығын 4,2%-дан 4,1%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, – деді Татьяна Лиана.
Ауданның белсенді жастарының бірі кандидаттың сенімді өкіліне:
 – «AMANAT» партиясы жас буынның сапалы білім алуына қандай жағдай жасайды? – деп сұрақ қойды.
Сенімді өкіл:
– Білім сапасын арттыру үшін партия 2027 жылға дейін 6,8 мың орындық 17 жаңа мектеп салуды жоспарлап отыр. Оның үшеуі Глубокое ауданында бой көтереді. Сондай-ақ шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда жыл сайын кемінде 50 мектепті заманауи стандарттар бойынша жаңғырту көзделген. Глубокое, Шемонаиха, Ұлан, Зайсан мен Самар аудандарының мектептерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету де партия бағдарламасынан көрініс тапты, – деп жауап берді.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді