Қар барысының саны азайып барады

510
көрілім
Фото: egemen.kz сайтынан

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда қар барысының саны азаюы бойынша рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішісі.
Қараша айының соңында Ұлттық статистика бюросы қызыл кітапқа енген жануарлардың саны туралы деректерді жариялады. Анықталғандай,  Қазақстанда 2021 жылдан 2022 жылға дейін қар барысының саны 170-тен 99-ға дейін азайған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз. Себебі сол жылы тау жоталарында мекендеген барыстың саны 223-ке жеткен.
WWF Орталық Азия бағдарламасына сәйкес, Қазақстанға барыс популяциясының небәрі 3 пайызы ғана тиесілі. Біздің еліміз бұл жануарлар үшін экологияға оң әсерін көрсеткен маңызды қызмет атқарып шықты. Қызыл кітапқа енген жануардың таралуы бойынша елдерге бөліп қарастыруға болмайды. Сондықтан әртүрлі елден қар барысының саны туралы ақпарат келген кезде, сарапшылар олардың абсолютті санын талап етпейді. Себебі екі елде де бірдей уақытта жануардың бір дарасы саналуы мүмкін.

 


Жалпы, қар барысының таралу аймағы 12 елдің аумағын қамтиды. Олардың барлығы сол елдердің Қызыл кітабына енген.