Катонқарағайда борсық фототұзаққа түсті

93
көрілім

Чернова орманшылығында фототұзаққа түскен борсық туралы бейнежазбамен Катонқарағай ұлттық паркі мамандары бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Борсық (лат. Meles) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң туысы.
- Дене тұрқы 60-90 см, салмағы 8-16 келідей. Олардың түсі ақшыл-сұрдан қара-қоңырға дейін өзгеріп отырады. Жүні қылшықты, салалы, сирек. Тұмсығынан желкесіне дейін созылған қара жолағы бар. Бауыры, төбесі, табандары қара, аяқтарында сәл иілген, ұзын тырнақтары болады, - делінген жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің саяткер-биологы А. Базиловтың жазбасында.