«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Кака Аягөзге келді

921
көрілім

Бұл туралы аудан әкімдігі ұсынған мәліметте жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, қазір «Қайрат» пен Ұлттық құрама сапында жүрген аягөздік спортшылар бразилиялық маманның Шығыс Қазақстан өңіріне келетіндігін айтқан болатын.

- Бүгін ауданымызға еліміздің белді футбол клубтарының бірі «Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикарду Фигейро Сильва «Кака», Алматы энергетикалық колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеев және жерлес футболшыларымыз Дәурен Тұрсагулов пен Біржан Оразов арнайы келді. Спортшыларымызды қабылдап, ауданымыздың атын әлемдік додаларда шығарып жүргендері үшін алғысымды білдірдім. Сонымен қатар Аягөзімізге арнайы келген жас спортшыларымыз оқыған колледждің директорына алғысымды білдірдім. Пауло Рикарду Фигейро Сильваға алдағы уақытта да бар білімі мен тәжірибесін Отанымыздың мүддесіне аянбай жұмсайтындығына сенім білдіре отырып, «Аягөз мақтанышы» төсбелгісін табыстадым, - деді аудан әкімі Сейілбек Ысқақов.