«Қайсар жырға іңкәр» қаламгер

3706
көрілім

4 қараша күні  Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, Қазақстан Жастар фракциясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Қайсар жырға іңкәрмін» атты ғылыми семинар өтті.

Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Құныпия Алпысбаев, Рахымжан Тұрысбек, ақын, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Әскербекқызы, алаштанушы ғалым Сағымбай Жұмағұл, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сәулеш Айтуғанова, фольклортанушы ғалым Болат Қорғанбеков, алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгер, PhD доктор Гүлназ Сағынадин, Жанбота Карипбаев, жазушы Алмаз Мырзахмет, Еге университеті, Түркі дүниесін зерттеу институтының директоры, профессор Метин Екичи (Түркия, Измир) қатысты.
Іс-шараны ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.