Қазаққа ғылымның барлық саласы керек - Асқар Жұмаділдаев

1462
көрілім

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өтіп жатқан университеттер арасындағы ғылыми серіктестік тақырыбындағы жиын кезінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстандық математик-ғалымның сөзінше, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жұмысын бастағалы біршама мекемеге атізін салған. Ғылымға қатысты нысандарды аралап, технологиялық әлеуетімен танысты.
- Шығыс топырағына алғаш рет келуім. ШҚТУ сияқты оқу орнының техникалық арсеналы жоғары екеніне көз жеткіздік. Ғылым саласында әлі шешімін таппай жатқан мәселе көп, бірақ түйінін тарқатуға болады. Бұл жақта кәсіпорындар қарқынды жұмыс істейді. Соған сәйкес, Д.Серікбаев атындағы ЖОО мамандар даярлауда нақты нәтижелер беруді бір бағытқа қойған. Жұмысын бастағанына бір ай болған Ғылым академиясының деңгейін көтергіміз келеді, - деді Асқар Серікқұлұлы.
Оның айтуынша, ғылым біртіндеп болса да әр оқу орнында дамып келеді. Белгілі бір бағыты ақсап тұр деу қисынсыз.
- Өскемендегі жиында талқылайтын тақырыптар көп. Ерекшеліктерінің бірі сол, Шығыс өлкесінде алпауыт үш завод бар. Соған сәйкес мықты студенттер көзге түсіп жатыр. Ғалымдар да әлемдік деңгейдегі жаңалықтар ашады. Бірақ олар көпшілікке өздерінің істеп жүрген жұмысын жеткілікті мөлшерде түсіндіре алмай жатады. Қазақ тілінде ғылым төңірегінде кітаптар аз жазылады. Бұл да кемшін тұстың бірі. Химия, физика, биология болсын, оны тізгіндеуге қауқарлы – ол қазіргі жастар. Қазаққа ғылымның барлық саласы керек, - деді Асқар Жұмаділдаев.