Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша Ресейден озды

553
көрілім
Швейцарияның IMD бизнес-мектебінің бағалауы бойынша Ресей экономикадағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінен 44-тен 46-шы орынға, яғни екі саты төмен түсті. Ал Қазақстан керісінше, 32-ші орынға көтеріліп, Ресейден озып шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Мамандар бұл Ресейдің 2012 жылдан бергі ең төменге көрсеткіші екендігін айтуда. Бір жыл ішінде Ресейді экономикадағы бәсекеге қабілеттілігі жағынан Индонезия мен Қазақстан басып озды. Сонымен қатар, Ресейден жоғары болып Сауд Арабиясы мен Кипр де тұр. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ретінде экономиканың көрсеткіштері, үкімет жұмысының тиімділігі мен бизнес пен инфрақұрылымның сапасы назарға алынған.

Қазақстан 47-ден 32-ші орынға көтеріліп, өзінің позициясын нығайта түсті. Өткен жылдар ішінде Қазақстан «Мемлекет қаржысы» бағыты бойынша 51-ші орыннан бірден 4 сатыға көтеріліп, қарышты қадам жасады. Еліміз «ішкі экономика» бағыты бойынша 51-ші орыннан 40-шы орынға көтерілді. Сондай-ақ Қазақстан «Бизнестің тиімділігі» талаптары бойынша да айтарлықтай жетістікке жеткен.