Қазақстан халқының саны бір жылда 236 мың адамға өсті

367
көрілім
Фотосурет - egemen.kz сайтынан

Қазақстанда халық саны 2019 жылғы 1 маусымда 18 млн 489,7 мың адамды құрады. Былтырғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 236,4 мың адамға немесе 1,3% өскен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Есепті кезеңде қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 767,6 мың адамға жеткен. Қалалықтар Қазақстан халқының 58,2%-ын құрайды. Ауылдарда жалпы 7 млн 722,1 мың адам, яғни республика халқының 41,8%-ы тұрады. Биылғы қаңтар-мамыр айларында республикада 1 жасқа дейінгі 1 459 сәби шетінеген (былтырғы көрсеткіш 1 366). Ал нәресте кезінде шетінеу коэффициенті әр 1000 нәрестеге 9,04-тен тура келген.

Нәрестелердің шетінеуінің басты себебі жүктілік кезіндегі ауру-сырқау болып отыр. Соның салдарынан биылғы бес айда 772 нәресте көз жұмған. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанға келушілердің саны 10,8%-ға қысқарып, кеткендер саны 19,8% өскен. Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 19% өскен. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Маңғыстау облысында (515 адам) және Шымкент (4 144), Нұр-Сұлтан (10 936) және Алматы (11 540) қалаларында байқалып отыр.