Қазақстанда кедейлік деңгейі ең жоғары өңір — Түркістан облысы

661
көрілім
Фото: elana.kz сайтынан

Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижесі бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі биылғы III тоқсанда 5,6% болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан облысында (9,6%), ал ең азы — Қарағанды облысы және Астана қаласында (2,7%-дан) тіркелді.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді.

Осылайша 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі — 10% болды, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Кедейлік деңгейі — тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы.

ҚР бойынша 2023 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 51 710 теңге.