Қазақстанда қолма-қол ақша талап ететін кәсіпкерлерге ірі көлемде айыппұл салынады

413
көрілім
Фото:dzen.ru сайтынан

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың тек ақшалай төлемдерді қабылдау талабына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2024 жалдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексере бастады. Сол күннен бастап азаматтар кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтерді сату үшін онлайн төлемдерді қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақшаны талап етіп жатқанына шағымданған.
– «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының нормаларында банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен төлеудің әртүрлі әдістері қарастырылғандықтан, ақшалай төлемді ғана талап ету заңсыз (25-бап). Онлайн төлемдерді қабылдамай, қолма-қол ақшаны талап еткендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бастапқыда ескерту алады, егер қайтадан заңды бұзса, 40 АЕК мөлшерінде немесе 147 680 теңге айппұл салынады, – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Ондай фактілер тіркелсе, мемлекеттік кіріс органдарына хабарласуға болады. Олардың нөмерлерін мына сілтемеден табуға болады https://egov.kz/cms/ru/articles/contacts_no.
Сонымен қатар, тауарды сату немесе қызмет көрсету кезінде сатып алушыға түбіртек берілуі қажет.