Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

483
көрілім
Фото:qazaly.kz сайтынан

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Өскемен, Риддер және Семей қалаларында күтілетін қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі жағдайдың төмендігі туралы ескерту сақталады.

Түркістан, Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Жамбыл облысында қар жауып, тұман, бұрқасын күтіледі.