Қазақстанның ең биік таулы аймақтағы мешіті ШҚО-да орналасқанын білесіз бе?

512
көрілім

Аль Куддус мешіті қасиетті жер – Белуха тауының етегінде орналасқан. 2013 жылдың 11 желтоқсаны күні «Рахман қайнары» шипажайының аумағында аталған мешіт ашылып, алғаш азан шақырылды. Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне қала мен облыс мешіттерінің имамдары, қоғамдық өкілдер, ауыл тұрғындары мен демалушылар келіп қатысты.

Мешіттің биіктігі 15 метр. Негізгі бөлме мұсылман адамның, Құдай мен бейбітшілік бірлігін бейнелейтін дәстүрлі сегіз бұрышты пішінде салынған.

Мешіт мұсылмандардың басты қасиетті мекені – Меккедегі Қағбадан 7 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 1 760 метр биіктікте орналасқан және бүгінгі таңда Қазақстандағы ең биік таулы аймақта орналасқан мешіт болып табылады.