Қазақстанның Ішкі істер министрлігі соңғы 35 күн ішінде алаяқтардың 300 мың қоңырауына тосқауыл қойды

314
көрілім
Фото:ru.freepik.com сайтынан

Алаяқтардың қоңырауларын блоктау қосымшасы қараша айында іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстанда телефон алаяқтарынан түскен қоңырауларды тану жүйесі іске қосылғалы 300 мың қоңырауға тосқауыл қойылды.
- 35 күн ішінде аталған жүйе 300 мыңға жуық осындай қоңырауларды (күніне орта есеппен 8,5 мың) бұғаттады. Осылайша, алаяқтардың көздеген мақсаттарына жетуіне жол берілмеді. Алаяқтармен күресу тиімділігін арттыру үшін басқа да қосымшалар әзірленуде. Олар техникалық сынақтан өткеннен кейін іске қосылады, -  дейді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Жалпы Цифрлік даму министрлігімен бірлесіп енгізілген жүйенің көмегімен 43,5 миллионннан астам қоңырауға тосқауыл қойылған. Оларды шетелдік алаяқтар азаматтарды алдау үшін пайдаланады.
Ғаламтор жүйесінде 20 мыңнан астам заңсыз ресурс анықталып, бұғатталды. Оның ішінде қаржы пирамидалары да бар.