«Казцинктегі» жаңа технологиялар өндірістің табыстылығын айтарлықтай арттырады

324
көрілім

«Казцинк» ЖШС-нің өндірісін жаңғырту жалғасуда. Жаңа байыту және металлургия технологиялары өндірілген мырыштың әрбір 1000 тоннасы үшін 600 мың АҚШ доллары көлемінде пайда әкеледі. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2017 жылдың 29 қарашасында өткен брифингте металлургиялық өндірісті жаңғырту туралы мәлімет жасады.

Тау-кен өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінде аса ұнтақтау технологиялары енгізілуде. Бұл пайдалы минералдарды полиметалл кендерінен өте ұсақ күйінде болса да бөліп алуға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар өндірістік процестердің құнын 1,5-2 есеге төмендетеді.

«Казцинкте» қолданылатын пирометаллургиялық процестерді жаңғырту жүріп жатыр. Жаңа технологиялар өндірістің энергия сыйымдылығын 4-8%-ға төмендетеді.

Бұл ғылыми-техникалық жобалар «Экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту» басымдығын іске асыру аясында «Казцинктің» Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бірлесуімен жүзеге асуда.

Жалпы алғанда облыстағы алып кәсіпорындар («Казцинк», «Үлбі металлургия зауыты», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Востокцветмет», «Казминералс» корпорациясы) Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесе отырып жалпы сомасы 7,8 млрд.теңгені құрайтын онға жуық ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.