Қазгидромет ескертеді: алдағы күндері ШҚО-да үсік жүруі мүмкін

1077
көрілім

Мамыр басталса да мамыражай күндер Шығысқа бірден келмейтін секілді. Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстанда 2-3 мамыр күндері түнгі уақытта ауа температурасы -1… -5… дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазгидромет алдағы күндері шығысқазақстандықтарға жылы киімдерін шешуге асықпау жөнінде кеңес береді. Атап айтқанда, Өскемен және Семей қалаларында 1-3 мамыр күндері күндіз ауа температурасы +8…+13 аралығын көрсетсе, түнгі уақытта осы аралықта Өскеменде термометр көрсеткіші -3… дейін, Семейде -4… дейін төмендеуі ықтимал.

1-3 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан өңірінде көшпелі бұлт жүріп, 1 мамырда Семейде түнде, Өскеменде таңертең және кешке жауын-шашын жүреді.

Мейрамбек Қосажан