Кинологтар семинары өтеді

282
көрілім

Өскеменде кинологтардың республикалық ҚР ІІМ ТЖК құтқару командаларының қатысуымен семинар өткізілмек.

Облыс орталығында өтетін семинарға Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кинологтары қатысады. Кинологтар осы семинардан білімдерін жетілдірсе, төртаяқты серіктері кәсіби шеберліктерін нығайта түседі. Осыдан кейін иттер табиғатта, техногендік жағдайларда адамдарды іздеу әдістерінен сынақ тапсырады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ