Көкпекті ауданы Самар ауылындағы орталық алаң абаттандырылуда

714
көрілім

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы жұмыс сапарымен Көкпекті ауданы Самар ауылына келіп орталық алаңның абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Құрылыс жұмысы қызу жүріп жатқан орталық алаңда биіктігі 7 метрды құрайтын хакім Абайдың мүсіні тұр.

- Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай осы алаңға ұлы ақынның атын бермекпіз. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 23 тамызда осы алаңның ашылу салтанаты болады. Абайдың мүсіні мыс пен қоланың қосындысынан тұрғызылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі жеті метр, тұғырының биіктігі 3 метр,  мүсіні 4 метр, - дейді Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Кудербаев. 

Сонымен қоса ескерткіштің жанына музыкалық субырқақ салынып жатыр.

Таунар ҚАЙРАТ