Көкпектілік палуан көш басынан сырғыды

364
көрілім

Мұндай нәтижеге Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктердің әсер еткені сөзсіз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүкіләлемдік күрес Әлемі ұсынған мәліметте әр салмақ үздіктерінің жаңартылған рейтингісі жарияланды. Бір қуанарлығы, Азия чемпионатының күмісін иеленген Адлан Асқаров (61 келіге дейін) пен грек-рим күресі шеберлерінің арасында 63 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған жамбылдық Сұлтан Әсетұлы бірінші орынға жайғасыпты. Өзге спортшылар үздік төрттіке ілінбеген екен. Ал еркін күрес палуандары арасында Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген Нұрислам Санаев (57 келіге дейінгі салмақ) 3-ші орынға тұрақтаған. Өкінішке қарай, Дәулет Ниязбеков (65 келіге дейін) пен жерлесіміз Данияр Қайсанов (74 келіге дейін) көшбасшылар қатарынан тыс қалды. Дегенмен Токио Олимпиадасында жүлдеден қағылған қос спортшыға бұл нәтижені реттеуге әлі де мүмкіндіктер мол. Тек жарақаттарынан айығып, бабына келсе игі еді.

Қазіргі уақытта Қайсановтың салмағында Олимпиада ойындарының чемпионы болған Беларусь Заурбек Сидаков топ бастап тұр.

Әділхан ЕСІМХАНОВ