Көкжыра ауылындағы бірнеше көше жолы асфальтталмақ

320
көрілім

Самар ауданына қарасты Құлынжон ауылдық округінің әкімі Расул Серікқазиновтың сөзінше, келер жылы да бірнеше көше қамтылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ведомстволық қорытындыға сәйкес, қарбалас жұмыс биыл үш көшені қамтиды. Нақты айтсақ, Алтынсарин, Амангелді және Абай көшесі. Тапсырыс беруші – Самар ауданы, Самар ауылдық округі әкімінің аппараты. Құжатқа сүйенсек, ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілмек.

– Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Жобаланған учаскенің ұзындығы – 2,329 шақырым. Үш көшенің жолы соңғы рет 1985 жылы жөндеуден өткен, – делінген ақпаратта.

Жұмыс үш айға созылады. Ведомстволық қорытындыға сүйенсек, жолдарға битум құйылып, асфальт құйылмақ. Жоба құны – 79 млн 874 мың теңге. Техникалық құжаттама бойынша сараптама қорытындысын «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК өкілдері ұсынды.

Құлынжон ауылдық округі әкімінің сөзінше, келер жылы да бірнеше көше қамтылмақ.

Әділхан ЕСІМХАНОВ