Көлік қағып кеткен шығысқазақстандық салт атты қайтыс болды

298
көрілім

22 қарашада Омбы-Майқапшағай тасжолының бойындағы Жарма ауданының Бірлік елдімекенінде сағат 21.30-да аттың үстінде бара жатқан ер адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Honda Odessey көлігінің жүргізушісі 1974 жылы туған. Ол Семейден Қалбатауға қарай бағыт алған.

- Тасжолда аттың үстінде бара жатқан адамды қағып кеткен. Жүргінші көліктің жақын келе жатқанына қарамастан, жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан 1977 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болады, - деп хабарлады "ҚазАвтожол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.