Кооперативке бірігуде

373
көрілім

Өткен жылы өңірімізде пилоттық режимде 44 ауыл шаруашылығы кооперациясы құрылған. Бұл жайлы облыстық әкімдік ғимаратында өткен жиналыс барысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев мәлімдеді.

Кооперативке біріккен шаруагерлер шағын кәсібін субсидиялауда, несиелеуде көптеген жеңілдіктерге ие болады. Осыны түйсінген олар ұйымдасып кооперация құруда. 2017 жылды қорытындылаған Асқар Жақыпбаев бүгінде облыс бойынша пилоттық режимдегі 44 кооперативтің жұмыс істеп тұрғандығын хабарлады.

– Оның ішінде 32 кооператив – сүт және 12-і – ет бағытында мамандандырылған, – дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, – Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін 650 адамға оқыту семинарларын ұйымдастырдық. Кооперативтерді жарықтандыру шараларына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы кооперативтері 9,2 мың тонна сүт, 1,1 мың тонна ет өндірген. Айта кету керек, кейбір аудандарда жоспарға сәйкес мал сою алаңдары ашылмай қалған. Дәлірек айтқанда, Абай, Аягөз және Тарбағатай аудандарында бұл жұмыстың қарқыны тым баяу.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Шартты фотосурет