Куәлік алу қолайлы болмақ

294
көрілім

Жақын арада аудан орталықтарының тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізуші куәліктерін алып, көлік құралдарын тіркете алатын болады, деп жазады Tengrinews.kz сайты ҚР ІІМ ӘПК баспасөз қызметіе сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" ҚЕАҚ" бірлесе отырып әкімшілік полицияның аудандық және ауданаралық тіркеу-емтихан пункттерін біртіндеп Халыққа қызмет көрсету орталықтарына көшіруде. Қазіргі уақытта еліміздің 10 облысында дайындық жұмыстары жүргізіліп, жақын арада 23 ХҚКО-да осындай қызмет көрсетіле бастайды, - дейді ҚР ІІМ Баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева.

Бұл үрдіс тұрғындардың басқа да мемлекеттік қызмет түрлерін алумен қатар жүргізуші куәлігін алып, көлік құралын тіркеуге қоюға мүмкіндік бермек. Дегенмен, аталмыш қызметтің нақты қай өңірлерде басталатыны әзірге белгісіз.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ