Күршім ауданында балық шаруашылығын дамыту мақсатында 2 млн. шабақ суға жіберілді

768
көрілім

Аудандағы "Балық өсіру орталығы" ЖШС-нің Сарыөлең ауылдық округі аумағындағы Кенжебай, Бұрмакөл көлдеріне карп балықтарының биылғы жылғы шабақтары жіберілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

"Балық өсіру орталығы" ЖШС Күршім ауданында балықтардың шабақтарын өсіріп, көлдерді балықтандыру және тауарлы балық сату жұмыстарымен айналысады. Биыл екі көлге 2 млн шабақ жіберілді. Аудан бойынша балық аулау, балық өнімдерін шығару, балық өсіру шаруашылығының қарқынды дамып, аудан экономикасына сүбелі үлес қосып отырғанын атап айтқан жөн, – деп жазды аудан әкімі Дулат Қажанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Көпшілік білетіндей, Күршім ауданы балық шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Зайсан көлі, Бұқтырма су қоймасы негізгі балық қоры көп айдындар. Сол сияқты Марқа көлде қызыл кітапқа енген балық түрлері мол.