Күршім ауданында суға кеткен екі адамның денесі іздестірілуде

921
көрілім

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар Күршім ауданы Қалжыр ауылында суға кеткен екі азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Із-түссіз жоғалған 1974 (болжам бойынша 12 мамырда суға кеткен) азамат пен 1987 жылғы ер адамды (құтқарушы, шамамен 14 мамырда суға кеткен) іздеу шаралары кеше таңғы сағат 7.00-де жалғасқан болатын. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 20 құтқарушы, 6 арнайы техника және 4 жүзу құралдары жұмылдырылды. Өкінішке орай, іздестіру шаралары әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ.