Күршім ауданының Марқакөл ауылында балаларға арналған «Еркем-Ай» ойын алаңы ашылды

743
көрілім

Заманға сай ашық түсті ойын алаңы балалардың бос уақытын көңілді өткізуге арналған. Алаңның ашылу салтанатына Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев қатысты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ойын алаңының ашылу салтанатына Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев пен маслихат хатшысы Мұхтар Сағанақов келіп қатысты. Сонымен қатар Марқакөл ауылының тұрғындары, ауыл ақсақалдары, кәсіпкерлер және мекеме басшылары ойын алаңының ашылу салтанатында лебіздерін білдірді.

Жастар үшін, бүлдіршіндердің жарқын болашағы үшін қамқорлық жасау аға буынның парызы. Марқакөл ауылында балаларға арналған ойын алаңының ашылуы ауылдың көркіне сән қосып тұрары сөзсіз, – деді Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаев.