Мобильді ХҚКО-лар Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді

601
көрілім

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Риддер қаласындағы өрттен зардап шеккендердің құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтқанда, мамандар тұрғындарға қажетті электрондық анықтамаларды алуға, құжаттарды қалпына келтіруге өтініштер қабылдауға қол ұшын беріп жатыр. Қажет болған жағдайда, мемлекеттік корпорация қызметкерлері Көші-қон қызметі басқармасымен және басқа да мемлекеттік органдармен жедел түрде өзара байланыс орнатады.

– Біздің облыс орталығындағы қызметкерлеріміз бірден эвакуациялау орталығына барып, оқиға болған орында халыққа кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізе бастады. Риддерліктерге құжаттарды жедел түрде алуға көмектесеміз. Жылжымайтын мүлікке, жеке басын куәландыратын барлық құжат тегін ресімделетін болады, – деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Бүгінде зардап шеккендердің кейбір бөлігі құжаттардың көшірмелерін алды. ХҚКО-ның мамандары риддерліктерге құжаттарды қалпына келтіруге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.