Мөңке балығы қырылуда

300
көрілім

Шығыс Қазақстанның Бұқтырма су қоймасында мөңке балықтардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Демалыс күндері Бұқтырма су қоймасында демалушылар мөңкенің жаппай қырылып жатқаны туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге салған болатын. Оқиға орнына келген экология департаменті мен ветеринария мамандары мұның себебін анықтап көрді. Экологтар судың құрамына талдау жүргізіп, ешқандай өзгеріс жоқ екенін анықтады. Балықтардың жаппай қырылуына кокцидиоз дейтін індет себепкер болған.

– Бұл ауру тұқы тұқымдастарға тән. Уылдырық себу науқанынан ес жиып үлгермеген мөңкелер ыстық ауа райы салдарынан коцидиоз ауруының өршуіне төтеп бере алмаған. Оның адамға еш зияны жоқ. Дегенмен, өлген балықты жеуге болмайды. Ал суға шомылу үшін келгендерге алаңдайтын негіз жоқ, – дейді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы Талғат Рахымжанов.

Мамандардың айтуынша, соңғы 3 жылда Шығыстағы су қоймаларында мөңке популяциясы айтарлықтай өскен. Кокцидиоздың тек мөңкелерден табылуы осыған байланысты болуы да мүмкін.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ