«Nur Otan» ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

266
көрілім

Бүгін «Nur Otan» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Олег Чугунков тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олег Чугунков осыған дейін «Nur Otan» ШҚОФ төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Ол 1977 жылы 15 желтоқсанда Семей қаласы Мақаншы ауданы Жарбұлақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Семей қаласының № 32 орта мектебінде Қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастады.

2002-2010 жылдары Өскемен қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы, бас маманы, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, облыстық тілдерді дамыту, білім беру басқармаларының бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Олег Васильевичке сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл лауазымда осыған дейін Әнуарбек Мұқтарханов қызмет атқарған болатын.