Өңірімізде жалған ақша жасау белең алған

326
көрілім
alau.kz

Тек осы жылдың басынан бастап облыс аумағында 50-ден астам жалған ақша алынған. Әсіресе 2000, 5000 және 10000 теңгелік қағаз ақшалар қолдан жасалуда. Олардың ішінде жиі қолдан жасалынатыны 2 мың теңгеліктер, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасап.

"Жалған ақшалар көбіне Семей және Өскемен қалаларының аумағында кездесіп отыр. Қазіргі уақытта қолдан жасалған ақша сапасының артып отырғанын атап айту керек, бір қарағаннан олардың шынайылығын байқау мүмкін емес. Жалған ақшалар арнайы құрылғылары бар банктер мен ақша айырбастау орындарында, пошта бөлімшелерінен табылып отыр", - дейді құзырлы мекеме қызметкерлері.

Шенеуніктердің айтуынша, жалған ақшаның жиі жасалуына қазіргі уақыттағы компьютерлік технологиялардың қарыштап дамуы мен күрделі баспахана техникаларының қол жетімділігі деп әсер етіп отырған көрінеді.

 

Азамат ТЕМІРБЕКОВ