Өскемен аумағында шетелдіктің жүргенін уақтылы хабарламаған 241 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

1655
көрілім
Фотосурет turantimes.kz сайтынан

Бұл туралы мәліметті Өскемен қалалық полиция басқармасы өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болуы туралы хабарламаны ұсынудың баламалы тәсілі eQonaq ақпараттық жүйесі болып саналады.

- Жүйені пайдалану үшін алдын ала eQonaq.Kz тіркелу қажет. Жүйеде авторизациядан кейін шетелдіктің төлқұжатын сканерлеуге немесе деректерді қолмен енгізуге болады. Бұл қызметтің нәтижесі Сіздің жеке кабинетіңізде сақталады. Келу туралы хабарламадағы ақпарттың дұрыстығына, сондай-ақ, хабарламаның уақтылы тапсырылуына қабылдаушы жауапты екенін еске саламыз, - делінген мәліметте.
Хабарламаны уақтылы бермегені үшін қабылдаушы тұлғалар Қазақстан Республикасындағы ӘҚБтК-нің 518 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері Өскемен қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімімен 241 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.