Өскемен қаласында жолда келе жатқан автобус отқа оранған

307
көрілім

Skania маркалы автобусты шарпыған қызыл жалын сөндірілді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қараша күні шамамен 20:30 шамасында Бажов көшесінде келе жатқан автобустан өрт шыққан. Оқыс оқиға орын алған кезде қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Себебі осы кезде жүргізуші мен кондуктор ауысымды аяқтапты.

- Өрттің жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрады. Тілсіз жаудың нақты себебі анықталуда, – деп хабарлады ТЖБ баспасөз қызметі.